Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Зерттеу этикасы ұғымымен жан-жақты танысты

Зерттеу этикасы ұғымымен жан-жақты танысты

Жұбанов университетінің оқытушылары мен ғалымдары зерттеу этикасы ұғымымен жан-жақты танысты. Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры Элейн Шарплин тренинг өткізіп, онда этикалық кодекстердің тарихи дамуы және барлық пәндердегі, әсіресе, әлеуметтік және мінез-құлық саласындағы этикалық процестерді зерттеу қажеттілігі туралы айтты.

Элейн Шарплин адам тақырыбын зерттеудің ерекшеліктеріне тоқталып, этика мен моральға қайшы келетін адамдарға қатысты тәжірибелерден мысалдар келтірді.

Кездесуге қатысушылар зерттеу этикасының негізгі қағидаларын, батыстық және қазақстандық этиканың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылап, Әдеп жөніндегі комитеттерді құру мәселесін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы (КЕРА) әдеп кодексі Назарбаев Университетінен Жұбанов университетінің кітапханасына берілген болатын. Студенттер мен оқытушылар өздерінің зерттеу жұмыстары барысында оқу құралын  пайдалана алады.