Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қажырлы еңбекке — лайықты марапат

Қажырлы еңбекке — лайықты марапат

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында білім беру, өндіріс, бизнес, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Бұл ретте Жұбанов университетінде ұзақ жылдар қызмет атқарып, білім саласына зор үлес қосып, абыройлы еңбек етіп келе жатқан ғалымдар да сол қатардан көрініп отыр.

Лайықты марапат кезінде қоғам қайраткері, профессор Амангелді Айталыға ІІ дәрежелі «Барыс» ордені табысталса, «Құрмет» орденімен профессор Халел Құсайынов марапатталды.

Бұл марапат ұзақ жылғы қажырлы еңбектің, ізденістің жемісі әрі адал еңбекке берілген лайықты баға.