Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жас Жұбановшылар марапаты

Жас Жұбановшылар марапаты

Жас Жұбановшылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған облыстық жастар сыйлығына ие болды.

Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Аталған жиында еліміздің саяси, мәдени және қоғамдық өміріне үлес қосқан бірқатар ақтөбеліктер марапатталды. Әрбір марапат иесіне диплом мен төсбелгі табыс етілді. Олардың қатарында Жұбанов университеті студенттері мен жас ғалымдары бар.

«Үздік волонтерлік топ» номинациясына «Жұбанов жылуы» волонтерлік  қозғалысы ие болды.

«Үздік шығармашыл топ» номинациясы бойынша «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Ақтөбе облыстық филиалы және «MID-MAR.COMMUNITY» студенттік клубы лайық деп танылды.

«Үздік жас ғалым» номинациясымен физика-математика факультетінің 1 курс докторанты Әсел Истляуп пен тарих факультетінің 2 курс магистранты Әсем Әлбекова марапатталды.