Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды

Ақтөбелік азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды

«Өнер орталығында» ақтөбелік азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды. Еңбегі еленген тұрғындар оны президент тапсырмасымен облысымызға арнайы келген ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қолынан алды.

Егемендіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында Нұрлан Нығматулин елдің өткені мен бүгініне тоқталды. Шарадан кейін ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы облыс басшысы Оңдасын Оразалинмен бірге өндіріс орындарын аралап, «Дару жарығы» офтальмология орталығына аялдады. ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ақтөбелік азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады. Салтанатты жиында мәжіліс спикері облыстың жетістіктерін атап өтті. Мәселен бүгінге дейін Ақтөбе арқылы өтетін «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізі ел экономикасына ерекше серпін бергенін атап өтті.

Шарада белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ профессоры Амангелді Айталы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ақтөбеліктер оны депутат әрі елдің саяси өміріндегі мәселелерді көтерген ұлт жанашыры ретінде таниды. Бүгінде ғалымның еңбегін мемлекет басшысы да жоғары бағалап отыр.

Сондай-ақ «Парасат» орденімен – облыстың қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев марапатталды. Шарадан кейін мәртебелі меймен облыс басшысы Оңдасын Оразалинмен бірге өндіріс орындарын аралап, «Дару жарығы» офтальмология орталығына аялдады.

/www.rikatv.kz/