Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзара тәжірибе алмасты

Өзара тәжірибе алмасты

Жұбанов университеті «Абайтану және ұлттық руханият» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, профессор Абат Пангереев Алматы қаласына іссапармен барып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтымен тәжірибе алмасып келді.

Профессор М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты өткізетін «Ұлы дала фольклорының анатологиясы» атты жинақ талқылауына сарапшы ретінде қатысты. Сонымен қатар «Қолжазбалар қорынан» ішкі грант бойынша қажетті мәліметтер жинақтады. Аймақтық әдебиеттану және Абайтануға қатысты ғылыми-әдістемелік материалдар қорын толықтырды.

Сондай-ақ, іссапар барысында Абат Пангереев Алматыдағы «Абайтану» ғылыми зерттеу орталығы ғалымдарымен алдағы уақытта бірлескен зерттеулер жүргізу және іскерлік байланыстар орнату мәселелерін  талқылады.