Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студенттері «Pfizer»вакцинасын алады

Жұбанов университеті студенттері «Pfizer»вакцинасын алады

Бүгіннен бастап Жұбанов университеті мен Жоғары колледждің 18 жасқа толмаған барлық студенттері Студенттік емханада коронавирусқа қарсы екпе  ала алады.

Кәмелетке толмағандарды вакцинациялау үшін «Pfizer» вакцинасы қолданылады. Жұбанов университеті емханасының меңгерушісі Әлібек Қуашовтың айтуынша, аталған вакцина бүкіл әлемде қолданылуда.  Клиникалық сынақтардың үш сатысынан кейін іс жүзінде 100%-дық тиімділік көрсеткен.

Техникалық факультетінің 1 курс студенті Эльвира Галиева:

— Мен бұл вакцинаны көптен күттім. Екпе алудан қорқынышты ештеңе көрмеймін, қайта ауруды жеңудің жалғыз жолы деп есептеймін. Біз бәріміз шексіз карантиндік шаралардан, бетперде киюден шаршадық,- дейді.

Жоғары колледждің 3 курс студенті Арлан Өтебеков болса,  «Екпе алу өзіміздің Студенттік емханада жүргізілуі біз үшін өте ыңғайлы, әрі тегін», — деп пікірін білдірді.

Вакцинация 21 күндік аралықпен 2 кезеңде жүргізіледі.

Алдын ала жазылу 56 36 77 телефон нөмірі бойынша немесе факультетке бекітілген емдеуші дәрігер арқылы жүргізіледі.

Ата-аналардың келісімі қажет.

Жұбанов университеті Студенттік емханасының вакцинация пункті күн сайын демалыссыз 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.