Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Нұрқанат — ең үздік жас спортшы!

Нұрқанат — ең үздік жас спортшы!

Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық Олимпиадалық комитет 2021 жылдың спорттық оқиғаларын қорытындылады.

Осыған орай өткен салтанатты жиында үздік спортшыларға «Аltyn Samǵaý-2021»Ұлттық спорттық жүлдесі табысталды. «Жылдың үздік спортшысы» атағына 4 спортшы, атап айтқанда, жазғы спорт түрлері бойынша — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, боксшы Сәкен Бибосынов пен Токио Олимпиадасы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері, каратэші Софья Берульцева, ал қысқы спорт түрлері бойынша —  шорт-тректен әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері Денис Никиша мен фристайл-могулдан әлем чемпионатының жүлдегері Юлия Галышева ие болды.

Ал ақтөбелік спортшылардың арасынан каратэші, 2021 жылғы әлем чемпионатында 2 қола медаль (жеке және командалық сайыстарда) жеңіп алған Нұрқанат Әжіқановтың жетістіктері айрықша атап өтілді. Ол жыл бойғы жарыстардың қорытындысы бойынша қазақстандық жастардың арасынан жарқырап көрінген ең үздік спортшыға берілетін «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша марапатталды. Марапатты оған Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин тапсырды.

Біз жерлесімізді осы табысымен құттықтап, алда үлкен жеңістер тілейміз.

И.ЖАЙМАҒАМБЕТОВА

/aqtobegazeti.kz/