Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті QS әлемдік рейтингісіне енді

Жұбанов университеті QS әлемдік рейтингісіне енді

Бүгін QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2022 нәтижелері белгілі болды.

Жұбанов университеті Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдеріндегі үздік университеттер рейтингінде екінші жыл қатарынан 351 орынды иеленіп отыр. Биыл қатысушылар саны 60 ЖОО-ға артты, бұл өткен жылмен салыстырғанда біздің көрсеткіштерді айтарлықтай арттырды.

Жұбанов университеті «Академиялық бедел», «Шетелдік оқытушылар мен студенттер» көрсеткіштері бойынша ең жоғары динамиканы  көрсетті. Ғылыми-метриялық және басқа да тексерілген статистикалық деректер негізінде QS есептеген университеттің барлық объективті көрсеткіштері биылғы жылдың өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда абсолютті түрде өскенін атап өткен жөн.

Рейтингтің 2022 жылғы шығарылымында Жұбанов университеті QS World University Rankings: EECA жоғарыда аталған көрсеткіштері бойынша 78% жинады.