Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет физиктері поляк ғалымдарымен зерттеулер жүргізуде

Университет физиктері поляк ғалымдарымен зерттеулер жүргізуде

Жұбанов университетінің ғалымдары Людмила Мясникова мен Нұргүл Жантурина Гданьск университетінде (Польша) бірқатар зерттеулер өткізуде.

Зерттеуші ғалымдар мұнда фотолюминесценция спектрлерін, YAG:Се, YAG:Eu фотолюминесценцияның спектрлерін, осы материалдармен толтырылған полимерлі пленкаларды тіркеу жобасы аясында жұмыс істейді. Физика-математика ғылымдарының кандидаты Әмірбек Бекешевтің жетекшілігімен полимер зертханасында полимерлі пленкалар алынды. Бұл бағыттағы жұмыс механолюминесценцияны зерттеу үшін үлкен қызығушылық тудырып отыр.

Талдау синтезделген материалдардың озық үлгісін және анықтамалық мәліметтерге толық сәйкестігін көрсетті. Ақтөбелік ғалымдар Гданьск университетінің Sebastian Malik, Tadeusz Lesniewski, Karol Szczodrowski әріптестерімен зерттеу нәтижелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық рецензияланған журналдарда бірлесіп мақалалар жариялауды жоспарлап отыр.