Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студенттері демалыс кезінде шетелде тәжірибесін шыңдай алады

Жұбанов университеті студенттері демалыс кезінде шетелде тәжірибесін шыңдай алады

Жұбанов университеті IAESTE қауымдастығының мүшесі болды. Техникалық тәжірибе алу үшін студенттер алмасуға арналған  халықаралық қауымдастық IAESTE Asbl ретінде кеңінен танымал. Association sans but lucratif — бұл академиялық, өнеркәсіптік және студенттік мүдделерді білдіретін ұлттық комитеттер ұйымы.

Шетелдегі әлеуметтік және мәдениетаралық байланыстарға бағытталған кәсіби тағылымдамалар мен іс-шараларға 3500 студент, 3000 жұмыс беруші және 1000 академиялық институт қатысты.

Енді Жұбанов университеті студенттерінде де демалыс кезінде шетелде практикалық оқудан өту мүмкіндігі пайда болды. Бұл практиканың маңыздылығы — тағылымдамадан өту кезінде қабылдаушы тараптың студентке қаржылай қолдау танытуы.

Қауымдастық студенттің кәсіби міндеттеріне байланысты техникалық мамандықтар бойынша тәжірибеден өту үшін жұмыс орындарын ұсынады. Қауымдастықтың жұмыс тілі ағылшын тілінде болмақ.  Сондықтан IAESTE бағдарламасы студенттердің кәсіби өсуімен қатар, тағылымдамадан өту кезінде тілдік қорын жетілдіруге, ағылшын тілін еркін меңгеруіне мүмкіндік береді.