Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің 10 білім бағдарламасы аккредиттеуден сәтті өтті

Университеттің 10 білім бағдарламасы аккредиттеуден сәтті өтті

Қазақстан Республикасы «KAZSEE Қазақстандық заманауи (элиталық) білім беру ассоциациясы» агенттігінің 2021 жылғы 21 желтоқсанда өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 10 білім бағдарламасын 5 және 3 жылға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 17-18 қарашасында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

 

ББ атауы Аккредиттеу мерзімі
1. 6В07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру 5 жыл
2. 6В07104-Экоэнергетика 3 жыл
3. 6В07201-Тау-кен ісі 5 жыл
4. 6В070202-Мұнай-газ ісі 5 жыл
5. 6В07207-Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы 5 жыл
6. 6В07301-Құрылыс 5 жыл
7. 7М06103-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету 5 жыл
8. 7М07101-Kөлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру 5 жыл
9. 7М07201-Тау-кен ісі 5 жыл
10. 7М07202-Мұнай-газ ісі 5 жыл

 

Аккредиттеу дәстүрлі (of-line) режимінде өтті. Аккредиттеу рәсімі университет проректорларының KazSEE сыртқы сарапшыларымен кездесуінен басталды. Екі күн ішінде сарапшылар құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен және студенттермен кездесулер өткізді.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен студенттерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.