Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Жаңалықтар > Болашақ педагогтарға жаңа мүмкіндіктер

Болашақ педагогтарға жаңа мүмкіндіктер

Жұбанов университеті Binom жобасымен серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Бағдарламаның басты мақсаты — тұрақты кадрлар резервін құру. Сондай-ақ, BINOM SCHOOL желісінің мектептеріне одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында жоғары оқу көрсеткіштеріне қол жеткізетін жас, талантты және перспективалы педагогтардың әлеуетін дамыту.

BINOM мектептері — бұл Қазақстанда сапалы білім беру инфрақұрылымының трендін құруға тиіс алғашқы жоба. Құрылыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын болады. Яғни BI GROUP компаниясы атынан бизнес тәуекелдер мен инвестицияларды өзіне алады.

Серіктестік келісім бойынша Жұбанов университеті студенттері тәжірибеден өту кезінде мамандығы арқылы интерн ретінде нақты білім мен дағдыларды алуға мүмкіндігі бар.

Бағдарлама оқу процесін бақылау, тәрбиелік, сабақтан тыс жұмыстар, командалық оқыту, педагогикалық тәжірибе, «Дуалды оқыту» шеңберінде жұмысқа қабылдау аясында жұмыс жасайды.

4 курс студенттеріне «Дуалды оқыту» аясында ақылы педагогикалық тәжірибе ұйымдастырылады. Сонымен қатар BINOM SCHOOL мектептер желісіне конкурстық іріктеуден өтпей жұмысқа орналасу, желіде жаңа мектептердің ашылуына байланысты мансаптық мүмкіндіктер, «Жас ұстаз» жатақханасынан бөлме беру қарастырылған.