Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Көрнекті ғалым өмірден озды

Көрнекті ғалым өмірден озды

27 желтоқсан күні химия ғылымдарының докторы, профессор Қайыр Ахметұлы Жұбанов 86 жасында дүниеден озды.

Қайыр Жұбанов — Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР және КСРО еңбек сіңірген өнертапқышы, «Құрмет» және «Еңбектегі ерлігі үшін»ордендерінің иегері.

Жұбанов университетінің ұжымы көрнекті ғалымның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.