Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Бес жылға аккредиттелді

Бес жылға аккредиттелді

Аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің (ARQA) 2021 жылғы 29 желтоқсанда өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 7 білім бағдарламасын 5 жылға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 12-15 қазан аралығында ARQA агенттігі тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

 

ББ атауы Аккредиттелген мерзімі
1. 6В04101-Экономика 5 жыл
2. 7М04101-Экономика 5 жыл
3. 8D04101-Экономика 5 жыл
4. 6В04103- Есеп және аудит 5 жыл
5. 6В04104- Қаржы 5 жыл
6. 6В04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару 5 жыл
7. 7М04105- Мемлекеттік және жергілікті басқару 5 жыл

 

Аккредиттеу аралас форматта (шетелдік сарапшы on-line режимінде қосылып отырды) өтті. Аккредиттеу рәсімі проректорлармен ARQA сыртқы сарапшыларымен on-line кездесуінен басталды. Төрт күн ішінде сарапшылар құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен, түлектермен және студенттермен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ББ практика базалары мен кафедра филиалдары жұмысымен танысты.

Университет ұжымына жоғары кәсіби деңгейде орындалған сапалы жұмысы үшін алғыс айтамыз. Бұл мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуге мүмкіндік берді. Көрсетілген күш-жігеріңіз, жауапкершілігіңіз, адалдығыңыз, еңбексүйгіштігіңіз, жақсы қолданылған терең біліміңіз бен үлкен тәжірибеңіз биік белестерді бағындыруға мүмкіндік берді.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

Білім бағдарламаларын бағалау орталығы