Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері

Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен жаратылыстану факультетінің деканы Мұрат Махамбетов жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік ғылыми стипендиялар мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жүргізуге, ғылыми кадрлар даярлауға белсенді қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге беріледі. Байқауға отыз бес жасқа дейінгі талантты жас ғалымдар қатысады.