Оқуға қайта қабылдау және ауысу бойынша өтініштер SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы 2022 жылдың 20-шы қаңтарына дейін онлайн қабылданады.
SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы қайта қабылдауға/ауысуға өтініш беру:
- «SMART ARSU» мобильді қосымшасын Play market / App store-дан жүктеу;
- «ҚОНАҚ» рөлінде тіркелу;
- «СҚКО Темірқазыққа» кіру;
- «ОҚУҒА ҚАЙТА ҚАБЫЛДАУ/АУЫСУ» таңдау;
- Көрсетілген ұяшықтарды толтыру, қажетті құжаттарды тіркеу және «ЖІБЕРУ»;
- Өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
- Өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
- Бухгалтерлік есеп бөлімінің жауабы шыққаннан кейін, ПІКІРДЕ (комментарий) көрсетілген оқу ақысы мен пән айырмашылығының ақысын төлеп, 2 түбіртектің көшірмесін алып келіп келісімшартқа отыру.
Оқуға қайта қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат немесе диплом);
- Транскрипт немесе академиялық анықтаманың түпнұсқасы;
- Оқуға қабылдау, курстан курсқа ауысу, оқудан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі;
- ЕНТ сертификаты (егер шетелдік ЖОО-нан болса, түсу емтихандары туралы хаттамадан көшірме);
- ЖОО-ның лицензиясының көшірмесі;
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Ф-№075У үлгідегі медициналық анықтама (Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы куәландырылған күндізгі бөлім студенттеріне ғана);
- Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.
Басқа ЖОО-нан ауысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Оқып жатқан ЖОО-ның басшысының атына жазылған ауысу туралы өтініші /келісім/ (ЖОО-ның басшысының қолы мен герб мөрі басылған);
- Транскрипт (курстан курсқа көшу туралы бұйрық көрсетілген), қол қойылған және мөр басылған;
- ЕНТ сертификатының көшірмесі;
- Білім беру гранты куәлігінің көшірмесі (егер грант иегері болса);
- Аттестат немесе диплом (колледж және ЖОО) көшірмесі;
- ЖОО-ның лицензиясының көшірмесі;
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- Ф-№075У үлгідегі медициналық анықтама (күндізгі бөлім студенттеріне Қ.Жұбанов атындағы АӨУ емханасы арқылы куәландырылған);
- Құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), конверт А5.
Сұрақтар бойынша 8(7132)56-28-96 нөміріне хабарласа аласыз.