Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Хабарландырулар > Университетке мәскеулік ғалым Н.В.Шабалина келеді

Университетке мәскеулік ғалым Н.В.Шабалина келеді

Келесі аптада университетімізде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің рекреациялық география және туризм кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Н.В.Шабалинаның сапары жоспарланып отыр.  Тарих факультетінің «География» кафедрасына  академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылғалы тұрған бұл шара кезінде доцент Н.В.Шабалина «Туризм» мамандығында оқитын 3-4 курс студенттеріне «Қонақ үй шаруашылығы» тақырыбында дәріс оқиды.