Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Біз бірге Жаңа Қазақстан құрамыз

Біз бірге Жаңа Қазақстан құрамыз

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.

Жиында Президент білім саласындағы бірқатар келеңсіздіктерді тілге тиек етіп, оларды болдырмаудың, мәселелерді шешудің жолдарын тапсырды.

«Жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай «Мұғалім – мектептің жүрегі». Сондықтан мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешенімен үздік мұғалімдерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын, — деуі оң айтылған шешімдердің бірі болды.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу жоспарлануда, бұл жастардың елден кетуін қысқартуға мүмкіндік беретінін жеткізуі де өзекті мәселе болып отыр.

Елімізде қалыптасқан жағдай, Президенттің мәлімдемесі және оның халыққа үндеуі, сондай-ақ қабылдаған шұғыл шешімдердің астында өзіндік негіз бар.  Мемлекет басшысы ұсынған шараларды іске асырып, оларды қысқа мерзімде  қалыпқа келтіруге тиіспіз.

Түйіндей келе,  бүгінгі шұғыл шешімдер ел тыныштығы мен келешегі үшін қабылданып отыр. Бұл ретте алаш жұрты  Президенттің  үндеуін қолдайтынына сенім білдіреміз.