Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің түлегі жаңа қызметке тағайындалды

Жұбанов университетінің түлегі жаңа қызметке тағайындалды

Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты.

«Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын» делінген ҚР Президенті қаулысының мәтінінде.

Ерлан Қарин — 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы), Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

1996-1998 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінде саясаттану кафедрасында мұғалім болған.

1998-2000 жылдары Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.

2000-2003 жылдары Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.

2004-2006 жылдар аралығында Антитеррорлық бағдарламалар орталығының жетекшісі, 2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қоғамдық және саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі болды.

2008 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың қараша айында «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Соңғы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметтерін атқарды.