Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті қызметкерлері ревакцинациядан өтуде

Жұбанов университеті қызметкерлері ревакцинациядан өтуде

Жұбанов университетінде короновирусқа қарсы ревакцинация жасау басталды. Ревакцинацияны алғашқылардың бірі болып университет проректорлары алды. Демалыс соңына дейін барлық профессор-оқытушылық құрамды қамту жоспарлануда. Семестр басталғаннан бастап студенттер де өздерін қауіпті аурудан қорғай алады.

Ревакцинация бұрын қандай вакцина алғанына қарамастан, толық вакцина алғаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.

Жұбанов университеті студенттік емхана меңгерушісі Әлібек Қуашовтың айтуынша, қайта вакцинациялау жүргізу кез келген адамға маңызды. Себебі уақыт өте келе ағзаны инфекциядан қорғау деңгейі төмендейді. Ол: «Қазақстан бойынша ревакцинация «QazVac»отандық өндірісінің вакцинасымен жүргізіледі. Ол жеңіл өтеді. Ревакцинация үшін бір дозаны алу жеткілікті»,-дейді.

Сонымен қатар емхана жетекшісі бүгінде Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, жаңа штаммның пайда болуы,оны жұқтыру қаупін алдын алу үшін  ревакцинацияны кейінге қалдырмауды ұсынды.

Егу ерікті және тегін түрде жүзеге асады. Дәрігер міндетті түрде медициналық тексеру жүргізеді. Жұбанов университеті емханасында ревакцинациядан қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері, студенттер және барлық ниет білдірушілер өте алады.

Жұбанов университеті студенттік емханасының вакцинация пункті күн сайын демалыссыз 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.