Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Білім > Көктемгі семестрде оқу аралас форматта өтеді

Көктемгі семестрде оқу аралас форматта өтеді

Университеттің барлық курстарында оқу процесі 2022 жылдың 24 қаңтарынан басталады.

Көктемгі семестр төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

Бакалавриат үшін:

  • І курстар –онлайн;
  • ІІ, ІІІ курстар, «Дизайн» ББ IV курсы және қысқартылған ББ І курстары үшін  қызыл аймақтан шыққанға дейін аралас оқу (дәріс сабақтар – онлайн, семинар/практикалық, зертханалық сабақтар — офлайн), қызыл аймақтан шыққаннан кейін дәстүрлі оқу форматына көшеді;
  • Қысқартылған білім бағдарламаларының ІІ, ІІІ курстары үшін — толық онлайн;
  • Кәсіби практикалар офлайн форматта ұйымдастырылады, сәйкесінше практика базасының болуы жағдайында тұрғылықты мекен-жайы бойынша өткізілуі қарастырылады.

Магистратура бойынша:

  • Ғылыми-педагогикалық бағыттың І курстары — аралас оқу (дәріс сабақтар – онлайн, семинар/практикалық, зертханалық сабақтар — офлайн);
  • Бейіндік бағыттың І курстары үшін өндірістік практика – офлайн.
  • II курстарға зерттеу практика – офлайн;

Докторантура бойынша:

  • І курстар үшін аралас оқу (дәріс сабақтар – онлайн, семинар/практикалық, зертханалық сабақтар — офлайн);
  • II курстарға зерттеу практика – офлайн.                      Жекелеген білім алушыларға төмендегідей жағдайда оқу процесін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады:
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер (ДКК (ВКК) анықтамасы бар жағдайда);
  • COVID-19, өкпе пневмониясы және басқа жұқпалы аурулардың белгілері анықталған студенттер.

Білім алушы деканатқа мына құжаттарды тапсыруы керек:

  • өтініш
  • ДКК (ВКК) анықтамасы
  • Дәрігер (терапевт) қорытындысы (ПЦР-тестілеудің теріс нәтижесі)

Университетішілік комиссия құжаттарды қарастырып, қорытындысын шығарады.

Онлайн оқыту форматына ауысқан білім алушылардың Студенттер үйіне төлеген жылдық төлемақысының қалған сомасы 2022-2023 оқу жылының төлемақысы есебінен шегеріледі.

Келесі оқу жылында Студенттер үйіне орналаспайтын білім алушылар «SMART ARSU» қосымшасы арқылы өтініш тастап, төлемдеріңізді қайтарып алуға мүмкіндік бар.

Студенттер үйіндегі киім-кешектеріңізді мүмкіндігінше алып кетуге немесе студенттер үйлерінің меңгерушілерімен байланысып, сақтау қоймасына тапсыруға болады.

Онлайн білім алуға (компьютер, интернет) мүмкіндігі жоқ білім алушыларға Студенттер үйінде тұруға мүмкіндік қарастырылған.