Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет ректоры арнайы марапаттады

Университет ректоры арнайы марапаттады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы 28 маусым — Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереев, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрбол Сәдуақас, филология ғылымдарының кандидаты Болат Баймұханов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабыржан Мұхтаров және университеттің Баспасөз қызметі бөлімі қызметкерлерін құттықтады.

«Тіл, әдебиет мамандықтары әркез журналистика саласымен тығыз байланыста. Жоғары оқу орны білімінің дамуы, университет жетістіктері үшін қосқан үлестеріңіз зор», — деген университет ректоры төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілей келе, университеттің тыныс-тіршілігін, жетістіктерін Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шынайы түрде көрсете біліп, насихаттағаны үшін жиналғандарды Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Марапаттан соң университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлымен естелік суреттерге түсіп, тіл мамандары мен журналистер университет басшысына алғыстарын білдірді.