Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде психологиялық қызмет ашылды

Жұбанов университетінде психологиялық қызмет ашылды

Кәсіби білім мен біліктіліктен басқа, нәтижелі жұмыс пен оқу үшін қызметкерлер мен студенттердің психологиялық денсаулығы мен әл-ауқатының маңызы зор. Аталған  қызметте Жұбанов университетінің білім алушылары мен қызметкерлері жеке терапиядан өтіп, жабық терапевтік топтарға қатыса алады. Тренингтер мен семинарларда өздерін жаңа қырынан дамытуға зор мүмкіндіктер ашылады.

Психологиялық қызметтің міндеті — жеке тұлғаның табысты дамуына және басқа адамдармен үйлесімді, саналы қарым-қатынас қалыптастыруына ықпал ету.

Қазіргі таңда психологияда ең көп таралған проблемалар: тұрақсыз эмоционалды күй, қарым-қатынастың дұрыс құрылмауы, күйзеліс, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, келбетіне көңіл толмау, мазасыздық, қымбатын жоғалту және т.б. Студенттер мен оқытушылар өзінің дамуына, уақытты тиімді пайдалануына немесе өзін толыққанды тұлға сезінуіне кедергі келтіретін мәселелермен жұмыс істей алады.

Психологтар құпия жағдайда психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетеді. Атап өтсек:

  • студенттер мен оқытушыларға жеке кеңес беру;
  • ашық және жабық топтардағы студенттерге арналған топтық терапия;
  • психологиялық диагностика;
  • түрлі тақырыптар бойынша тренингтер мен семинарлар.

Жұбанов университетіндегі психологиялық қызмет психологтарына сұрақтар бойынша немесе тренингке жазылуға болады:

Жандос Нұрлыбай @nur_jandos

Дина Бекенова @dina_bekenovaa

Анна Гниденко @anna.gnidenko_psy

Мәнсия Баубекқызы @mansiya_baubek