Пятница, Март 29, 2024
Басты > Хабарландырулар > Басқарма мүшелерінің лауазымдарына арналған конкурс

Басқарма мүшелерінің лауазымдарына арналған конкурс

030000, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34, «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына (Стратегиялық даму жөніндегі проректор; Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор) конкурс жариялайды.

Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында  білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты  ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірмелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда не бейініне сәйкес келетін өзге де ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы не танылған шетелдік білім беру ұйымдарында оқуды аяқтауы не Президенттік жастар кадр резервіне кіруі.

Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) конкурсқа қатысушының 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері және тексеру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) №075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар к-сі, 263, телефон: 8 747 993 39 03.

Қызметтік тізімі

Өтініш

Іріктеу және тағайындау тәртібі