Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің түлегі Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасын басқаратын болды

Жұбанов университетінің түлегі Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасын басқаратын болды

Дана Бекбауова Жұбанов университетін «Қаржы және несие. Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызмет еткен жылдарында ол «Актобестекло» ЖШС директор орынбасары, «Ақтөбе қаласындағы жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, Ақтөбе қаласындағы «АТФ Банк» АҚ, Ақтөбе қаласындағы «Каспий банкі» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ АФ жұмыс істеді. 2011-2019 жылдар аралығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалын басқарды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалғанға дейін «Рамазан» ЖШС Бас директорының орынбасары болған.

«Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, «ҚазАгро «ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының, «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының, Ақтөбе облысы әкімінің, «Атамекен» ӨКП Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жаңа қызметінде табыс тілейміз!