Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми семинарда бас қосты

Ғылыми семинарда бас қосты

Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінде білім алушыларға арналған «Қазақстан, Ресей және шетел елдеріндегі ғылыми зерттеулердің мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында ғылыми онлайн-семинар өткізілді.

Семинарды университеттің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Нұргүл Жантурина кіріспе сөзімен ашып, семинардың магистранттар мен докторанттар үшін маңыздылығы зор екенін ерекше  атап өтті.  Сөз соңында департамент басшысы семинарға қатысушыларға табыс тіледі.

Бұдан соң «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Төлеген Ботағариев сөз сөйлеп, еліміздегі дене шынықтыру және спорт бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі жағдайы туралы кеңінен баяндады.

Жиында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Сергей Коровин,  Орал мемлекеттік дене шынықтыру университетінің доценті Ольга Макунина, Орал мемлекеттік дене шынықтыру университетінің 2 курс магистранты Екатерина  Ронжина, Польша Республикасының Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің профессоры Александр Скалий, Экономика университетінің магистрі, оқытушы Ксения Верещак, Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс магистранты Айбек Камзеновтер  дене тәрбиесіндегі жаңа бағыттар туралы мазмұнды баяндамалар жасап, өздерінің тәжіибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, қызықтырған сұрақтарын қойды.