Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әнұран авторларымен кездесті

Әнұран авторларымен кездесті

Бүгін Жұбанов университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова «Жұбанов маршы» туындысының авторлары, ақын, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев пен ҚР Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірмен кездесті.

Кездесуде «Жұбанов маршы» әнұранының бейнебаянын түсіру және өзге де алдағы жоспарларды талқылады.

Айта кетейік, «Жұбанов маршы» әнұраны университеттің атаулы іс-шараларында орындалады. Әнұран университеттің 85 жылдығына арналып жазылды. Және қазіргі таңда «Жұбанов» есімін мақтанышпен алып жүрген барша жандардың бірлігінің, дамуы мен алға басуының өзіндік символына айналды.

«Жұбанов Маршының» мәтіні эмоцияға толы, рухты көтеретін мазмұнды туынды. Сондай-ақ, университет миссиясы, оның тарихының негізгі кезеңдері, университет тарихы, оқу ордасының материалдық және рухани мәдениетін дамытудағы рөлін қамтиды.