Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Білім > Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары анықталды

Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары анықталды

«ЖОО үздік оқытушысы — 2021» республикалық байқауының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Еліміздің 45 жоғары оқу орнынан 150 оқытушы үздік атанды.

Олардың ішінде Жұбанов университетінің 5 оқытушысы бар. Атап өтер болсақ,  Шынар Сағымбаева, Меруерт Ерекешева, Динара Рамазанова, Мейрамгүл Сайымова, Айгүлден Тоғайбаева.

Жеңімпаздардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа, «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

Конкурс жыл сайын оқытушы кәсібінің беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби өсуге ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, байқау ҚР БҒМ ақпараттық жүйесі негізінде өтті, ол арқылы қатысушылар барлық кезеңдердің ашықтығын бақылай алды. «ЖОО үздік оқытушысы — 2021» конкурсына қатысу үшін өтінімдер мен құжаттар да электронды форматта қабылданды. Комиссия құрамына ҮЕҰ, БАҚ, студенттік және жастар ұйымдарының, қазақстандық ЖОО қауымдастықтарының өкілдері және білім беру саласындағы сарапшылар енгізілді.