Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Басқарма мүшесі, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айнұр Сейітқан «EPSILON GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі химия зауытының өкілдерімен кездесті. Зауыт отандық химия өнімдерін өндірумен және өткізумен айналысады және EASY компаниясының тобына кіреді.

Өндірістің негізгі бағыты мұнай мен суға арналған өнеркәсіптік химия болып табылады. Компания зауыты түрлі химиялық реагенттерді дайындау үшін барлық қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Кездесу барысында ғылыми жобалар мен әзірлемелер, студенттік тағылымдама және түлектерді жұмысқа орналастыру аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бұған дейін «EPSILON GROUP»ЖШС-мен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылған болатын.