Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ең үздік көрсеткіш

Ең үздік көрсеткіш

Жұбанов университетіндегі «Материалдардың радиациялық физикасы» орталығының жетекшісі, профессор Қуанышбек Шүңкеев өзінің ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігін арттыру жолында ізденісін жалғастыруда.

Бұл ретте физик ғалымның Хирш индексі 10-ға дейін көтерілді. Бұл барлық жоғары оқу орындары ғалымдарының арасындағы ең үздік көрсеткіш.

Хирш индексі – ғылымиметриялық көрсеткіш. Хирш индексі — бұл ғылыми басылымдардың саны мен осы басылымдардың санын негізге ала отырып, ғалымдардың, ғылыми ұйымның немесе тұтастай елдің өнімділігінің сандық сипаттамасы.