Суббота, Май 21, 2022
Басты > Ел жаңалықтары > 2022 жылы Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

2022 жылы Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

Жоғары білім саласындағы жақсы жаңалықтар. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы тағы да өседі. Бакалаврларда 20%-ға, магистранттар мен докторанттарда 15%-ға артады. Өткен жылы стипендия дәл осындай мөлшерде өскенін естеріңізге саламыз (15% және 20%). Мемлекет жастарды жоғары білім алуға осылайша ынталандыруда.

Енді осы жылдың қыркүйек айынан бастап педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі. Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді.