Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ректордың жаңа кеңесшісі тағайындалды

Ректордың жаңа кеңесшісі тағайындалды

Ректордың кеңесшісі қызметіне Сабыржан Мұхтаров тағайындалды. Ол бұған дейін университеттің кәсіби-шығармашылық факультетінің деканы қызметін атқарып келген болатын.

Сабыржан Мұхтаров — филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында тәжірибеден өтті. 1997 жылы аталмыш институт жанындағы аспирантураға түсіп, 1999 жылы кандидаттық дисертациясын мерзімінен  бұрын  қорғады. 2004 жылы  Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен доцент ғылыми атағы берілген. Сабыржан Мұхтаров 1 оқу құралы мен 2 көмекші оқу құралының, 200-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы.

Ол ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатының, ҚР Білім және ғылым министрлігі Құрмет грамотасының,  «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері», Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподағының «Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген  еңбегі үшін», «Тіл жанашыры» төсбелгілерінің, «Желтоқсанға – 30 жыл», «Ақтөбе қаласына -150 жыл» мерекелік төсбелгілерінің иегері.