Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Маман 3D технологиялар бойынша тәжірибесімен бөлісті

Маман 3D технологиялар бойынша тәжірибесімен бөлісті

Университеттің инновациялық технологиялар паркінде «3D зона» ЖШС-нің өкілі В.А.Гармаш физика-математика факультетінің оқытушылары мен студенттеріне «3D технологиялар – инновациядағы жаңа қадам» атты семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – оқытушылар мен студенттерді 3D принтердің жұмыс және қолдану принциптерімен таныстыру.

Дәріскер 3D принтерлердің шығу тарихы, олардың дамуы мен жетілдірілуі, сонымен қатар медицина, инженерия, тіпті өнер салаларындағы қолданылуы туралы айтып өтті. 3D баспаның бірнеше технологиялары түсіндіріліп, семинарға қатысушыларға 3D принтерлердің жұмысы көрсетілді. Студенттер мен оқытушылар сұрақтарды белсенді қоя отырып, геометриялы теңдеулерді 3D модельге айналдыру мүмкіндігі талқыланды.

Берілген ақпаратты бекіту мақсатында студенттерге 3D принтерде басып шығарылған түрлі машиналардың бұйымдары, мультипликациялық және көркем фильмдердің кейіпкерлері, адам органдарының макеттері сияқты бұйымдардың үлгілері көрсетілді.

Нәтижесінде, қызығушылық танытқан барлық студенттер «3D зона» ЖШС-мен бірлескен жобаларды іске асыру үшін  оқытуға шақырылды.