Воскресенье, Сентябрь 24, 2023
Басты > Жаңалықтар > Өрт қауіпсіздігі тексерілді

Өрт қауіпсіздігі тексерілді

Өрт қауіпсіздігі инспекторлары Жұбанов университетінің басшылығымен бірге Студенттер үйлерін аралап шықты.

Жатақханалар секілді әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралау және студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу – тілсіз жаудың алдын алу үшін жасалатын жұмыстардың ең тиімді түрлерінің бірі.

Бүгін Басқарма мүшесі, Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Есбол Мұханбетқалиев пен Жұбанов университетінің өрт қауіпсіздігі мамандары оқу орнының жатақханалары бойынша профилактикалық рейдтер жүргізді. Мамандар студенттерге қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қосалқы эвакуациялық жолдар мен эвакуациялау жоспарларын, өрт сигнализациясының жай-күйін, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын және тағы басқа да қауіпсіздік шараларын тексерді.

Айта кетейік, өткен жылы Студенттер үйінде Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе отырып, өрт-тактикалық сабақтар өткізілді. Мұндай тәжірибелер барлық қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтауға, білімі мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға көмектеседі.