Среда, Август 17, 2022
Басты > Білім > Жоғары білім саласындағы негізгі бағыт-бағдар айқындалды

Жоғары білім саласындағы негізгі бағыт-бағдар айқындалды

Бүгін Жұбанов университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы  ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын тікелей эфирден қарады. Жиында Президенттің тапсырмасына сай  инклюзивті білім беруді дамыту, ғылымды дамыту, балалардың құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер көтерілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жоғары білім және ғылым саласындағы негізгі қорытындылар мен алдағы міндеттер туралы айтты:

* бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарының лигаларын қалыптастыру (халықаралық, ұлттық және өңірлік деңгейде);

* жоғары оқу орындарының бизнес өкілдерімен тығыз ынтымақтастығы;

* техникалық және IT-бағыттары бойынша білім беру гранттарын ұлғайту;

* ғалымдарды шетелдік жоғары оқу орындарына тағылымдамаға жіберу;

* ғылымды жеке қаржыландыру үлесін ұлғайту;

* ЖОО мен ғылыми институттардың тығыз қарым-қатынасын дамыту;

* оқу бағдарламаларын жаңарту, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сапаландыру;

* оқыту әдістемелерін жаңарту, оның ішінде цифрлық технологияларға басымдықтар беру;

* техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қазақ тілінде шығарылған оқулықтармен қамтамасыз ету;

* Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша инновациялар мен серпінді технологияларды дамыту, озық ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыру;

* еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 20 жоғары оқу орнының базасында «академиялық артықшылық» орталықтарын құру;

* білім беруді цифрлық трансформациялау шеңберінде білім берудің негізгі ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.

Отырыста сондай-ақ, министрліктің 2021 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2022 жылға қойылған міндеттері талқыланды.