Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет студенті Ринат Әбілқайыров — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Университет студенті Ринат Әбілқайыров — Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Жуырда Алматы облысы Талдықорған қаласында ұлттық жекпе-жектен жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионатынан университетіміздің кәсіби-шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті Ринат Әбілқайыров күміс жүлдемен оралды. Ринат 70 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында басымдық танытып отыр. ІІ Азия чемпионатында Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей елдерінің спортшылары бақ сынады.

Ринаттың ұлттық жекпе-жекпен айналысқанына көп уақыт болмаса да, біраз белестерді бағындырып үлгерген. Ендігі Ринаттың арманы — Әлем чемпионатына қатысу. «Осы арманыма жету жолында барынша еңбектенетін боламын. Елімнің, өзім білім алып жатқан оқу ордамның атын асқақтату жолында аянбай тер төгемін»,-дейді жас спортшы.

Ринат Әбілқайыров спорт шыңының биігін әлі талай бағындырады деп сенеміз!