Пятница, Март 29, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады

Қазақстанда онлайн-университеттер ашылады

Жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге барады.

Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Вице-министр Қуаныш ЕрғалиевОнлайн оқу білім алудың жаңа форматына айналатынын мәлімдеді.»Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады. Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60 пайызы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмысты бастадық», – деді Қуаныш Ерғалиев.

Мұнымен қатар, вице-министр 2021 жылы ғылымды қаржыландыру 2 есе артқанын айтты. Ал ғылыми қызметкерлер саны 1,5 есе өскен.

«Біз жыл сайын «Жас ғалым» жобасы бойынша постдокторанттарға 1 000 грант бөлеміз. Сондай-ақ, жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге баратын болады. Жалпы алғанда Білім және ғылым министрлігі 10 басым бағыт бойынша қазақстандық ғалымдардың 1 136 жобасы мен 59 ғылыми-техникалық бағдарламасын қаржыландырады», – деді Қуаныш Ерғалиев.

Еске салсақ, халықаралық білім олимпиадасы жеңімпазы мен жүлдегерлерінің сыйақы алатыны туралы хабарлаған едік. Олимпиада жүлдегерлерімен қатар, оларды жаттықтырған педагогтерге де қолдау көрсетіледі.

 

/informburo.kz/