Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Профессорды құттықтады

Профессорды құттықтады

Белсенді еңбегімен еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын прогресс жолымен дамытуға үлес қосып жүрген ғалымдарымыздың қатарында қаржы және маркетинг кафедрасының профессоры Бауыржан Жүнісов те бар. Оның еңбектері менеджмент негіздері, аймақтық экономика, макроэкономика салаларына бағытталған. Сондай-ақ, профессор Жұбанов университеті экономика және құқық факультетінің негізін салушылардың бірі.

Бүгін университет ұжымы оқу орнында 30 жылдан астам еңбек еткен ғалымға құрмет көрсетті. Бауыржан Жүнісовті зейнеткерлік жасымен құттықтап, оған университет басшылығы мен әріптестері білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Бауыржан Жүнісов – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында тағлымгер-зерттеуші қызметінен бастаған. 1988 жылан бері  Жұбанов университетінде аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, факультет деканы, кафедра меңгерушісі,  бас ғылыми хатшы болып жұмыс жасады. Оның жетекшілігімен 20-дан астам магистрлік диссертация қорғалды.

Еліміздің экономикалық мәселелерін көтеріп, ғылым, білім дамуының тиімді жолдарын анықтау ғалым ізденісінің негізгі нысаны. Оның бірқатар оқу-әдістемелік жұмыстары, 200-ден астам ғылыми еңбектері жарияланған.