Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әріптестік аясы нығаймақ

Әріптестік аясы нығаймақ

Жоғары оқу орнында бірлескен педагогикалық қызметті дамыту үшін Жұбанов университеті Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырып келеді.
Филология факультетінің ағылшын және неміс тілдері кафедрасы Online English Fellow Program бағдарламасы бойынша елшілік грантына екінші рет ие болып отыр.
7 ақпаннан бастап «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының студенттері американдық оқытушы Grace Davis-тен Virtual English Language Fellow бағдарламасы бойынша дәріс алуды бастайды. Сондай-ақ, негізгі сабақтардан басқа English-speaking club қатысушыларымен кездесулер және университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинарлар сериясы өтеді.
Биылғы оқу жылында бағдарлама шарттары әлемнің көптеген елдерінде жарияланған карантиндік режимге орай бейімделген. Сондықтан барлық іс-шаралар онлайн-режимде өткізілетін болады.