Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетел тілдері факультетіндегі «Полиглот» клубының алғашқы отырысы үштілділікке арналды

Шетел тілдері факультетіндегі «Полиглот» клубының алғашқы отырысы үштілділікке арналды

Шетел тілдері факультетінде «Полиглот» клубы құрылды. Клубтың алғашқы отырысы үштілділік мәселелеріне арналды.

Оған факультет деканы Досым Байдрахманов қатысып, үштілділіктің бүгінгі заман талабы екенін айтты. Ол «Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр,- дей тұра,- «Біз — көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»,-деген Н.Назарбаевтың сөзін атап өтті.

Бұл ой-пікірге студенттер де белсене араласты.

«Шетел тілі:екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті  Қамар Назым «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»-деген Ахмет Байтұрсыновтың сөзін еске түсіріп, үштілділіктің әсіресе жастарға қажетті тұстарына тоқталды. Әрі қарай клуб мүшелері өздерінің тілдік жетістіктерін көрсету мақсатында Назымның курстасы Алдрапекова Альбина орысша сөз сөйледі. Ал клуб президенті Есенгарина Ақсамал өз ойын ағылшын тілінде жалғастырды.

Отырыста студенттер Эдвард Бононың «Алты қалпақ» әдісі бойынша ой таластырды. Екі топқа бөлініп сөйлеген студенттер, үштілділіктің бүгінгі күні аса қажет екендігін қолдаған ортақ пікірмен ойжарысты аяқтады. Ал «Headbands» (Таңғыштар) ойыны студенттер арасында серпіліс тудырып, олар өз ойларын  ағылшынша білдіріп, түрлі сұрақтарға жауап беріп жатты.