Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Тәуелсіздік — басты құндылық

Тәуелсіздік — басты құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телеарнадан берген сұхбатын мұқият тыңдадым. Сұхбат барысында Президент ел мүддесінің бәрінен де жоғары тұратынын тағы да қадап айтты. Расында солай, тәуелсіздіктен қымбат құндылық жоқ. Қазір әлем өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқаны белгілі. Мұның себебі көп. Осындай күрделі, өтпелі кезде елдің тәуелсіздігін сақтап қалу барлығымыздың міндетіміз.

Мемлекет пен халықтың арасын байланыстыратын ортақ сана да осы тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің рухын тарихи тұрғыдан алып қарасақ, оның қасиетін терең зерделеген ұрпақтың бір буыны кешегі Алаш зиялылары, солардың тұсындағы халық. Олар тәуелсіздіктен қол үзген уақытта өмір сүрсе де, «менікі ертеңгі ел үшін» деген сенімнен қуат алған. Соның арқасында ұлтының төлқұжатына айналған зиялылардың тағылымы тарихтан орын алды. Бүгінгі ұрпақ осыны ескеруі керек. Отыз жыл ішінде еліміздің егеменді ел ретінде жеткен биігі де аз емес. Кемшілік те бар. Мұны Мемлекет басшысы да біледі. Біздің айтарымыз, осындай сыны мен міні қатар жүретін өтпелі кезең тұсында кез келген адам мемлекетке салмақ түсіріп алмауды ойлауы керек. Мемлекет басшысы ел басқаруда тәжірибесі мол, елдің де, әлемнің де жағдайын біледі. Мемлекетіміздің ұстанған саясаты да өміршең, егемендікті нығайтуға бағытталған. Еліміздің осындай өтпелі кезеңнен де сүрінбей өтіп, нығая түсетініне сенемін.

 

Үмбетқан СӘРСЕНБИН,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты.

 

/aqtobegazeti.kz/