Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет түлегінің тарихи жеңісі

Университет түлегінің тарихи жеңісі

Жұбанов университеті түлегі, аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Бағдат Жұбаныш Абу-Дабиде өткен ММА бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Бағдат IMMAF (Халықаралық аралас жекпе жек федерациясы) тарихында  үш дүркін әлем чемпионы атанды.  Ол әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңістеріне Жұбанов университетінде оқып жүрген кезінде қол жеткізген еді.

29 қаңтарда Абу-Дабиде аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты аяқталды. Әлем біріншілігіне әлемнің 56 елінен 421 спортшы қатысты. Қазақстан атынан 42 спортшы бақ сынады. 52,2 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен спортшы Бағдат Жұбаныш финалдық бәсекеде ресейлік Фарход Рахмоналиевті жеңіп, әуесқой ММА-да алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанды. Жекпе-жек үш раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан  жеңісті Жұбанышқа берді.