Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > Хабарландырулар > Ғылыми жобалар байқауы

Ғылыми жобалар байқауы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мектептердің 11 – сынып мектеп оқушылары үшін ғылыми жобалар байқауын жариялайды.

Негізгі бағыттары:

География
Музыка және хореография
Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау, дизайн
Педагогика және психология
Техника
Физика, математика және информатика
Экономика және құқық
Қазақ тілі мен әдебиеті
Орыс тілі мен әдебиеті
Ағылшын тілі

Байқауға барлық облыс, аудан, қала мектептері қатыса алады.

 

Үздік танылған жеңімпаздар төмендегідей жүлде қорымен марапатталады:  

І орын  жеңімпазына – Қ.Жұбанов атындағы білім беру гранты

ІІ орын жеңімпазына – оқу ақысына 50% жеңілдік

ІІІ орын жеңімпазына – оқу ақысына 35% жеңілдік

 

Гранттар мен жеңілдіктер сертификаты жобада қатысқан бағытына қарай тиісті мамандыққа ақылы түскен жағдайда қолданылады.

Барлық қатысушыларға қатысқандығы туралы сертификаттар беріледі.

Тіркелу – 01-20 ақпан аралығында.

Байқау 21-28 ақпан аралығында өткізіледі.

Қатысу ережелері zhubanov.edu.kz сайтында орналастырылған.

Толық ақпарат: +77475183583