Пятница, Март 29, 2024
Басты > Білім > Италия, Латвия, Түркия және Польша педагогтары дәріс берді

Италия, Латвия, Түркия және Польша педагогтары дәріс берді

Бірінші семестрде Жұбанов университетінің студенттері шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдарынан дәріс алды. Бұл ҚР Білім және ғылым министрлігі бюджет есебінен ұсынатын гранттардың арқасында мүмкін болды.

Генуя университетінен Диана Спулбер (Италия), Балтық Халықаралық академиясынан Александр Машарский (Латвия), Гүмүшхане университетінен Жихангир Кызылозен (Түркия) және Быдгощ экономикалық университетінен Татьяна Скалий (Польша) экономика және құқық, филология, педагогика, кәсіби-шығармашылық факультеттерінде сабақ берді. Сонымен қатар, олар профессор-оқытушылар үшін семинарлар, мастер-кластар өткізіп, ақтөбелік әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Алдағы уақытта аталған бюджет есебінен Латвия, Үндістан, Беларусь, АҚШ, Индонезия елдерінен шетелдік ғалымдардың келуі жоспарлануда.