Суббота, Июнь 25, 2022
Басты > Жаңалықтар > Білім-Ғылым-Өндіріс

Білім-Ғылым-Өндіріс

Бүгін Алматыда Жұбанов университеті ректоры еліміздің үш жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Осындай үлкен жобада Жұбанов университеті еліміздің 10 ірі университеттерінің қатарында білім мен ғылымды интеграциялау арқылы өз әлеуетін күшейте алатын Батыс өңіріндегі жоғары оқу орындарының бірі екендігін атап өткен жөн.

Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өткен еліміздің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институты басшыларының кездесуі жаңа идеяларды жүзеге асыру алаңына айналды.
Ынтымақтастық туралы келісім ҚР БҒМ ҒК «Математика және математикалық модельдеу» институтымен, Металлургия және кен байыту институтымен, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен жасалды.

Жұбанов университеті Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасованың айтуынша, бірлескен жұмыс ғылыми нәтижелілікті арттыруға, білім беру бағдарламаларын жасауға, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін таратуға және диссертациялық кеңестер құруға бағытталатын болады. Одан бөлек ғылыми жобаларға қатысу және ғылыми-зерттеу институттарында тағылымдамадан өту арқылы магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жүргізудегі құзыреттілігін арттыру мәселесі жүзеге асырылады.