Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Үздік педагогтар ҚР Білім және ғылым министрінің қолынан марапаттарын алды

Үздік педагогтар ҚР Білім және ғылым министрінің қолынан марапаттарын алды

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Алматыда өтті.

Бұған дейін университетіміздің 5 оқытушысы үздіктер қатарынан табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Олар:

Шынар Сағымбаева (физика-математика факультеті)

Меруерт Ерекешева (физика-математика факультеті)

Динара Рамазанова (педагогика факультеті)

Мейрамгүл Сайымова (экономика және құқық факультеті)

Айгүлден Тоғайбаева (педагогика факультеті)

Ғылым департаментінің директоры Людмила Мясникова атап өткендей, байқауға университеттің 11 оқытушысы өтінім берген, олардың 5-і жеңімпаз атанып отыр. «Бұл өте жақсы көрсеткіш,  қатысушылар саны жыл сайын артып келеді»,- дейді ол.

Байқау жыл сайын  ЖОО оқытушыларының беделін арттыру және оларды одан әрі кәсіби дамуға ынталандыру мақсатында өтіп келеді. Жеңімпаздар 2000 АЕК көлемінде сыйақы алды, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды.