Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2022 жылғы 28 қаңтарда өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 12 білім бағдарламасын 7 және 5 жылдарға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 29 қараша – 2 желтоқсан аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің келесі білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.
№ | ББ атауы | Аккредиттеу мерзімі |
1. | 6В01504-Химия | 5 жыл |
2. | 6В01505-Биология | 5 жыл |
3. | 6В05101-Биология | 5 жыл |
4. | 6В05201-Экология | 5 жыл |
5. | 7М05101-Биология | 5 жыл |
6. | 7М05201-Экология | 5 жыл |
7. | 6В01404- Дене шынықтыру және спорт | 5 жыл |
8. | 6В01506-География | 5 жыл |
9. | 6B03101-Психология | 7 жыл |
10. | 7М03101-Психология | 5 жыл |
11. | 6В01801- Әлеуметтік педагогика және тьюторлық (6В01801-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) | 5 жыл |
12. | 6В01902- Арнайы педагогика (6В01901-Дефектология) | 5 жыл |
Аккредиттеу аралас форматта режимінде өтті. Аккредиттеу рәсімі проректорлармен АРТА сыртқы сарапшыларымен on-line кездесуінен басталды. Үш күн ішінде сарапшылар құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, жұмыс берушілермен, түлектермен және студенттермен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ББ практика базалары мен кафедра филиалдары жұмысымен танысты.
Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен түлектерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.
Академиялық сапаны арттыру департаменті