Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Бүгін дүниежүзілік сайлау күні

Бүгін дүниежүзілік сайлау күні

Қазір Ақтөбе облысында 14 аумақтық және 517 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Бұл атаулы күнге орай барлық ауданда іс-шаралар өтті. Ал қаладағы Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университет «Сайлау және сайлау құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда жастарға сайлау ережелері туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, болашақта қалай өз кандидатурасын ұсынуға болатыны айтылды.