Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жастар саясаты > Пікірсайыс алаңында — Жұбанов жастары

Пікірсайыс алаңында — Жұбанов жастары

Жұбанов университетінің пікірсайысшылары Ақтөбе облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен жастар арасында турнир ұйымдастырды. Дебат сайысы тарихи тұлға Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналып, 50-ге жуық қатысушылардың басын қосты. Спикерлер өз сөздерінде Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мәдениеті, экономикасы және тағы да басқа мәселелер туралы сөз жарыстырды.

«Заман біздікі» клубының ұйымдастырушыларының айтуынша, осындай турнирлердің арқасында жастар сыни тұрғыдан ойлау, қандай да бір мәселелерді шешуде креативті көзқарас дағдыларын дамытады.

Пікірсайыс қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды.

Жүлделі 1 орын иеленгендер: «Сингай» фракциясы —  Айдана Боранбаева, Ақнұр Қуаныш.

2 орын иегерлері: » Сэнсей » фракциясы — Дамир Төлеген, Әлфия Бақтығалиева.

3 орынға лайық деп танылғандар: «SuB-ZERO» фракциясы — Биболат Алпысбайұлы, Айдар Әбенов.

Сондай-ақ, Айдана Боранбаева «Үздік спикер»  атанды.

«Үздік төреші» номинациясы Аманқос Онкалбаевқа берілді.