Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Білімдерін Түркияда жалғастырады

Білімдерін Түркияда жалғастырады

Осы семестрде Литва, Ресей, Түркия, Италия және  тағы да басқа шетелдік жоғары оқу орындарында 60-тан астам Жұбанов жастары білім алатын болады.

Жақында Жұбанов университетінің 18 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия еліне аттанды. Олар Сакария университеті және Кастамону университетінде оқу жылының екінші жартыжылдығында білімдерін шыңдайтын болады. Аталған жолдаманы университеттің жаратылыстану, тарих, филология, экономика және құқық, кәсіби-шығармашылық, педагогика, физика және математика факультеттерінен үздік студенттер иеленді.